“Жақында бірнәрсе сатамын“. Ерке Есмахан бизнес туралы ойын айтты

“Жақында бірнәрсе сатамын“. Ерке Есмахан бизнес туралы ойын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан жақында саудамен айналысайын деп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қазір адамдарда қырғын жанталас, тартыс, бәсеке, бірдеме сату, алу, хайп, вайб, кайф, кез келген нәрсені іліп кетіп жатыр ғой танымал болу үшін. Ал менің ләйліііп жүрісім мынау. Сәпсім жұмыс жасамаймын. Бос жүрмей, бірдеме істейін. Ерке Есмаханнан не сатып алар едіңіз? Жазыңыз ал", - деп оқырмандарына ұсынысын білдірді өнер иесі. 

Сонымен қатар әнші жақсы идея жазған үш оқырманына бес мың теңге ақшалай сыйлық жасайтынын жазды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы