"Жақын досыңыз не туысыңыз жазады": қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды
ІІМ азаматтарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары өкілдері алаяқтар қандай қылмыстық схемаларды пайдаланытын жариялады.
"Сізге WhatsApp арқылы күтпеген жерден досыңыз немесе туысыңыз ірі көлемде қарызға ақша сұрады ма? Міндетті түрде қаражат не үшін қажет екенін және ақшаны қандай шотқа аудару керек екенін сұраңыз. Сізге РБК картасы немесе шот нөмірін жіберуі мүмкін. Егер сіз өзге банк шотына, мысалы Каспийге аударуды ұсынсаңыз, сізге карта қайта шығарылымда (картасы енді шығарылып жатқанын, картасына қатысты проблема барын - еск.) деп жауап береді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, алаяқтар фишинг арқылы мессенджерлерді бұзып, ұқсас хабарламаларды жібереді екен.
"Жақындарыңызға немесе достарыңызға қайта қоңырау шалыңыз (тексеру үшін - еск.). Оларға телефон баптауларындағы басқа құрылғыларды (WhatsApp немесе Telegram қосылып тұрған басқа телефондарды) жоюға кеңес беріңіз. Ол үшін WhatsApp немесе Telegram-ға кіру керек. Баптауларда "байланысты құрылғылар" деген бөлімді таңдаңыз. Егер қосылып тұрған құрылғы сізге таныс болмаса, "Шығу" түймесін басыңыз", - деп кеңес берді полицейлер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова