- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жақсылыққа апармайды". 30...
"Жақсылыққа апармайды". 30 жылда алғаш рет қозғалған айсберг үрей тудырды
Антарктидаға жақын жерде орналасқан әлемдегі ең үлкен A23a айсбергі 30 жылда алғаш рет қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fox News арнасына сілтеме жасап.
Айсберг A23a 1500 шаршы миль аумақты алып жатыр және салмағы - триллион тоннаға жуық. Ғалымдар қарашаның соңында мұздың қозғала бастағанын тіркеген. Ол Антарктиданың таяз суларынан шығып, "айсберг аллеясы" деп аталатын жолмен қозғалып, Оңтүстік мұхиттың көп бөлігіне енетіні атап өтілді.
Айсберг Оңтүстік Джорджия аралына жеткен бойда қайтадан көтеріледі деп болжанды. Мамандардың айтуынша, бұл аймақтың фаунасына кері әсер етеді. Мұз үйіндісі жануарларды аш қалдыруы мүмкін.
"Сонымен қатар, A23a жылы суларға түскенде кішірек бөліктерге бөлінеді делінген. Еріп жатқан айсберг мыңдаған жыл бойы сақталған минералдарды шығаруы мүмкін. Минералдар аймақтағы ағзаларды кейбір қоректік заттармен қамтамасыз етеді, бірақ ол толық өтей алмайды", - деді сарапшылар.
Сарапшылар тағы бір сценарий барын айтты, алайда ол да жақсылыққа апармайды - айсберг Оңтүстік Джорджия жағалауына қонбай, Оңтүстік Африкаға қарай жүзсе, жерде тасымалдау бағыттарын жаппай бұзады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек