Жақсылық Омардан тәркіленген Toyota Camry мемлекеттік меншікке берілді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардан тәркіленген Toyota Camry көлігі мемлекеттік меншікке берілді. Қазір құны 20 миллион теңгеге бағаланған көлік мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мәліметінше, 2024 жылы шығарылған Toyota Camry көлігі биыл 8 шілдеде республикалық меншікке қабылданған.

Қазір көлік e-Qazyna мемлекеттік веб порталы арқылы мемлекеттік ұйымдарға беру рәсімінен өткізіліп жатыр.

Заңға сәйкес тәркіленген көліктер алдымен мемлекеттік органдарға ұсынылады. Басымдық құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ, Президент, Парламент және өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметін қамтамасыз ететін ұйымдарға беріледі. Көлікке сұраныс болмаса, ол ашық электрон аукционға шығарылады.

Еске салайық, Жақсылық Омар биыл сәуірде алаяқтық және пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!