- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жақсылық жасаңыздар!" Терезе...
"Жақсылық жасаңыздар!" Терезе жуып жатқан жігітке тамақ берген студенттің видеосы Қазнетті тәнті етті
Желіде терезе жуып жатқан жігітке су мен банан берген қыздың видеосы танымал болды, - деп хабарлайды TengriMIX.
TikTok-та жарияланған видеода биікте тұрған жігіт терезелерді жуып жатқаны көрінеді. Қыз оны байқап, тамақ беруді ұйғарады.
"Бүгін Назарбаев университетінің жатақханасында терезелер жуылды. Музыка естідім, кейін жігітті байқадым. Сөйтіп, су мен банан ұсынғым келді, сыртта аптап. Әрине, жұмыс та оңай емес", - делінген қыздың видеосында.
@kzmedic #рек #recommendations ♬ She Share Story (for Vlog) - 山口夕依
Видео 50 мыңға жуық лайк пен 200-ден аса пікір жинаған.
"Олардың жұмысы қиын, барлық қауіпсіздік шарасы сақталады деп үміттенемін", "Қандай мейірімді қыз бен жүзі жылы жігіт", "Қандай сүйкімді... Той қашан?", "Осындай адамдар көп болсын", - деп жазған Желі қолданушылары.
Видеодағы қыздың аты - Нұргүл Егембаева. Ол - Назарбаев университетінің Медицина мектебінің студенті.
"Венгрияда бакалавриат бітірдім, қазір дәрігер мамандығында оқып жатырмын. Видео жатақханада түсірілді, жаз бойы терезелеріміз жуылды. Фильм көріп жаттым, бір кезде музыка естідім, кейін терезе жуып жатқан жігітті байқадым. Бұл маусымның ортасына болды, далада аптап еді. Мен оған су ұсындым, олардың жұмысы қиын, төменге түскенше су ішпейді. Кейін банан бердім, оның әріптесі көріп, ол да жегісі келді, оған да банан бердім", - деді Нұргүл.
Олар танысқан. Жігіттің аты - Бағлан.
"Ол жаз бойы ешкім су ұсынбағанын және мен бірінші екенімді айтты. Менің ойымша, бұл жай ғана адамшылық. Сондықтан адамдар көріп, болашақта осындай қарым-қатынас жасауы үшін видеоны жарияладым. Жақсылық жасаңыздар", - деп түйіндеді қыз.
Бағлан Алмасбаев 21 жаста. Ол үш маусым бойы осы жұмыспен айналысып келе жатыр.
"Жұмыс оңай деп айта алмаймын. Мұнда ең бастысы - биіктен қорықпау және физикалық тұрғыдан дайын болу. Ал ең қиын бөлігі - арқанмен көтерілу", - дейді жігіт.
Жігіттің сөзінше, видео бұлай тарап кетеді деп ойламаған.
Ж. Қадыржанова@kzmedic Ответ пользователю @love__istory #рек #recommendations #рекомендации ♬ CHE ZA LEV ETOT TIGR - Gazan