- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жақсылық жасаған сайын...
"Жақсылық жасаған сайын есіріп кетпесе болды". Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы айтты
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерімен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, келіндері қызындай.
"Екеуінің қайсысы жақсы" деп Нұрекең екеуіміз жауабын таба алмадық. Екеуіне де көз тимесінші. Қызымыздай болып жүр, ең бастысы адал, өтірігі, екіжүзділігі жоқ. Құдайдан сұрарымыз да сол, келінім адал болсыншы деп сұраудан жалықпаймыз. Өмірдің мәні де, сәні де ұрпағымызды жалғастырар осы келіндер ғой. Тек жақсылық жасаған сайын есіріп кетпесе болды. Біз тек жағдайларын реттеп беруге көмектескеніміз болмаса күніге жолдамыз ғой. Мұздатқыштарын, кем-кетігін толтырып бергенімізге мәз болып жүре береміз сол. Тапқанымызды бөлмелеп, анау ренжіп қалмасын, мынау тырысып қалмасын деп...", - деп жазды Айдарбекова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова