- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жақсыбеков Астана супермаркеттерін...
Жақсыбеков Астана супермаркеттерін ретке келтіруді тапсырды
Жақсыбеков Астана супермаркеттерін ретке келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қала әкімі аппараттық жиыны барысында қалалық супермаркеттердегі тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін талқыланды. Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан сауда орындарындағы қызмет көрсету мен сол мекемелер деңгейінің төмендігіне көп сын айтылатынын мәлімдеді.
"Елорда дүкендерінде қандай жағдайларға тап болғандары туралы тұрғындардың наразылықтары мен шағымдары өте көп", - деді қала басшысы. Әкім астаналықтардың супермаркеттердегі есеп айырысатын кассалардың жеткілікті болғанына қарамастан олардың тек екі-үшеуі ғана жұмыс істейтіндігіне наразы екеніне де тоқталды. "Ал, бұл жағдай ұзын-сонар кезекке алып келеді", - деді ол.
Қала басшысы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге "қаладағы ірі сауда орталықтары иелерімен аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмысты жүргізуді" тапсырды.
М. Бисембаева