- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жақсы құлпынайды қалай...
Жақсы құлпынайды қалай таңдаған жөн?
Фото:
pixabay.com
Құлпынай маусымы басталды. Енді жылыжайда емес, табиғи жағдайда топырақта өскен дәмді құлпынайды сатып алуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Құлпынайды сатып алу кезінде мына сегіз ереже тәтті жидекті таңдауға көмектеседі:
- Маусым басталған бойда сатып алмау қажет. Маусымның ортасын немесе аяғын күтіп, сатып алған жөн. Дәл осы уақытта құлпынай жеткілікті күн сәулесін алады, тәтті және хош иісті болады.
- Хош иісті болуы керек. Жидекті сатып алмас бұрын, оны иіскеу керек. Неғұрлым хош иіс шығып тұрса, соғұрлым дәмді болады. Әдетте кішкентай әрі қанық түсті құлпынай үлкен, бозғылт түсті құлпынайға қарағанда дәмді болады.
- Жидектер тығыз әрі құрғақ болуы керек. Жидектерді мұқият тексеріңіз. Бүлінген құлпынайды алмаңыз, өйткені түрлі кері әсері болуы мүмкін.
- Жапырағы болуы керек. Егер ол болмаса, жидек нашар сақталады. Құлпынай қаншалық балғын екенін де бағалай алмайсыз.
- Жапырағы үзілейін деп тұруы керек. Құлпынайдың жапырағы үзілейін деп тұрса, тәтті болады. Ал шеттері жидекке мықтап жабысса, ол қышқыл болуы мүмкін.
- Дұрыс қаптама. Ашық контейнердегі жидекті таңдаған жөн. Бұл жидекті мұқият тексеріп алуға мүмкіндік береді.
- Үлкен болса, жақсы дегенді білдірмейді. Құлпынай таңдағанда орташа мөлшердегі жидектерді таңдаған дұрыс.
- Түсі біркелкі қызыл болғаны жөн. Ақ белгілері бар құлпынайды сатып алмаңыз, олар піспеген болып шығуы мүмкін. Жидектің түсі біркелкі, қызыл болғаны дұрыс, бірақ тым қою болмауы керек.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер құлпынайдың жасырын қаупін ескерткен болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова