- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жақсы көрмейді деп...
"Жақсы көрмейді деп кім айтты?" Төреғали Төреәлі әйеліне ән арнады
Жақында ғана алтыншы баласы өмірге келген танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқынға ән арнап, тағы бір мәрте халықтың ықыласына ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кім айтты мені Толқынды жақсы көрмейді деп?!", - деп жазған әнші әлеуметтік желіде жаңа туындысымен бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әдеттегідей оқырмандардың ойы екіге бөлінді. Бір тобы "Сендерге сенім жоқ, өткенде айырылыстық деп адамның аузы бармайтын сөз жаздың, енді тату болсаң жақсы", "Брат, тағы ұсталып қалдың ба не?", Жақсы көрсең бұлай ақталмау керек" деп жазып жатса, енді бір бөлігі "Толқынды жақсы көрмеуге көруге бола ма?", "Толқындай жарды қалай сүймеуге болады? 6 рет өмірі қыл үстінде тұрды, ұрпағыңызды дүниеге әкелді. Дүние қарсы тұрса да Толқын сіздің артынызда тұрады ғой" деп Төреғали мен Толқынның махаббатына сүйсінетіндерін білдіріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева