- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жақсы көреміз". Сәкен...
"Жақсы көреміз". Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова қарым-қатынасы туралы шындықты айтты
Әншілер Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова қарым-қатынасы туралы ел арасында тараған қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар әуежайда, Атырауға концертке баратын кезде кездесіп қалған.
"Қымбатты достар! Қымбатты Қазақ елі! Біз осы қасиетті Рамазан айында бүкіл шындықты айтуымыз керек болып тұр. "Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмайсың" дейді. Өткендегі ән сапарда да айттым. Қасиетті айда шындықты айтуға тура келіпті. Біздің студенттік шағымыз, бозбала, бойжеткен кезіміз бірге өтті. Ащыны, тұщыны, аштықты, тоқтықты бірге көрдік. Отбасымызбен араласамыз. Мен 48-ге келдім, отбасым бар. Мәдинаның отбасы бар, адал жары бар. Бір Алла көріп тұр, біз бір оғаш қылық көрсеткен жоқпыз. Артық іс істеген жоқпыз. Ұшақтан, әуежайдан бірге түссек, қосып қоясыздар, тойға қол ұстасып бірге барсақ, жабыстырып қоясыздар. Бірақ кейбір аккаунттар өздерінің оқырмандарын көбейтіп, назарын аударту мақсатында әртүрлі тақырып қояды да, сіздерді ғайбатқа итермелеп, күнәға батырып жатыр. Содан абайлаңыздар. Біз доспыз. Бір әулеттің баласындаймыз. "Жақсыда жаттық жоқ" дейді ғой, біз-бірімізді жақсы құрметтейміз, жақсы көреміз. Менің келіншегім екеуі дос, бұл кісінің жігіті екеуіміз бауырмыз", - деді Сәкен Майғазиев.
Ал Мәдина Сәдуақасова болашақта Сәкен Майғазиевпен "құда-құдағи болып қалуымыз мүмкін" деп қосты.
"Жаман ойламаңыздар", - деді ол қысқаша.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан