Танымал әнші Тұрар Ыдырыс "REVUE NEWS" бағдардамасына өзін әнші Сара Амангелдімен не байланыстыратынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, қазіргі таңда Сара Амангелдімен "Жақсы көремін" дуэтін айтады.
"Халық мені кіммен қоспай жатыр. Біз Сарамен "Жақсы көремін" деген дуэт айтамыз. Ол әнде Сараны жақсы көремін. Дұрыс қой енді, жұрттың бізді жұп ретінде көруі заңды нәрсе. Басы бос бойжеткен мен жас жігітті көрген кезде бәрі солай қосады. Мен мұндайға үйреніп қалғанмын, алғашында жоққа шығаруға тырысатынмын, қазір маған бәрібір", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді бірге көзге түскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Астаналық ардагерлерге қанша теңге беріледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз