Әнші, актриса Акбота-Нұр әлеуметтік желіде әріптесі әнші Қуандық Рахыммен түскен суретін жариялады. Олардың суреті желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі алдағы уақытта әріптесімен дуэт жазуға қатысты көпшіліктің пікірін сұрады.
"Әдемі кештен естелік. Бізден дуэт күтесіздер ме", - деп жазды Ақбота Сейітмағамбет.
Желі қолданушылары екеуінен жақсы жұп шығатынын да жарыса жазды. "Әдеміліктен не пайда, тұрақтылық болмаса", "екеуі жарасымды жұп", "бойдақ болса, тым жақсы жұп шығар еді", "керемет дуэт болады"," Ақбота өте сұлу" деп жазды олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!