"Жақсы жаңалығым бар". Төреғали Төреәлінің жаңа әні жарыққа шықты

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі жақсы жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қайырлы күн, достар! Бүгін сіздерге жақсы жаңалығым бар", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Араға біраз уақыт салып: "Бүгін сағат 18.00-де "Бұл қалай?" атты әнім жарыққа шығады. Әзірге қайырмасын тыңдай тұрыңыздар", - деп жазды Төреғали Төреәлі. 

Қазір Төреғали Төреәлінің жаңа әні YouTube желісінде жарияланып үлгерді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!