Жаһандық ақау: телеарна, әуежай мен банктердің жұмысы жаппай тоқтап қалды

Жаһандық ақау: телеарна, әуежай мен банктердің жұмысы жаппай тоқтап қалды
Фото: depositphotos.com

Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютерлермен жұмыс істейтін телеарналар, әуежайлар мен банктердің жұмысы жаппай тоқтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sky News таңғы шоуы жұма күні таңертең эфирге шыға алмаған және оның орнына эфирде архивтегі видеолар көрсетілген.

Ақауларды бақылап отыратын Downdetector веб-сайты Microsoft қолданбаларын, банктік сайттарды және авиакомпания қолданбаларын қоса алғанда, веб-сайттардың жұмысында проблема туындағанын хабарлады.

Imperum киберқауіпсіздікті зерттеу компаниясының негізін қалаушы Сенад Арун бұл оқиғаны "Crowdstrike үшін қиямет күні" деп атады.

Ұлыбританияның ең ірі теміржол компаниясы жолаушыларға "жаһандық it мәселелеріне" байланысты проблемалар туындауы мүмкін екенін ескертті.

Аустралия банктері онлайн қызметтер мен транзакциялардың жұмысында проблема туындағанын хабарлады.

Windows операциялық жүйесінде пайда болған ақау Сидней әуежайының да жұмысына әсер еткен. Олар жаһандық техникалық ақауға байланысты кейбір әуежай мен әуе айлағы қызметтерінде проблема туындағанын айтқан.   

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина