Танымал актер Жахан Отарғалиевтің анасы баласына қандай қыз керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейін әлеуметтік желіде екінші жартысын іздейтіні туралы жиі айтады. Мұны әзілге қосып контент түсіретіні де бар. Жақында Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде анасымен болған әңгімесін жариялады.
Актердің анасы "Мына қыз қалай?" деп Жаханға түрлі қыздардың суретін көрсетеді екен. "Мына қыз маған келмейді ғой" деген ұлының жауабына: "Саған келмейтін қыз емес, сенен кетпейтін қыз керек қой бізге" дейді анасы.
"Маманың импрвизациясы қатты болып тұр" деп жазды Жахан Отарғалиев видеоны жариялап.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!