- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Jah Khalib зорлық-зомбылыққа...
Jah Khalib зорлық-зомбылыққа қатысты сөзі үшін Кишеневтегі кештен шеттетілді
Тілінен тапты. Қазақстандық рэпер Jah Khalib тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан сөзі үшін Кишеневте өтетін кешке қатыспайтын болды. Бұл туралы 27 сәуірде Summer Fest ұйымдастырушылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін бір топ белсенділер әншіге қатысты осындай үндеу жасаған болатын. Алайда ұйымдастырушылар бұл шешім импульсивті түрде қабылданбады деп сендірген еді.
"Соңғы оқиғалар мен жаңалықтарға байланысты Jah Khalib Summer Fest фестивалінде өнер көрсетпейтін болды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты біз бұл шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру үлкен күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді. Ешқандай шешім импульсивті түрде өзгермейді", - делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.
Бұған дейін қазақша тәржімаласақ "Зорлық-зомбылықсыз өмір" ұлттық коалициясы мен актер Лунгу Кэтэлин қазақстандық рэперді Кишеневтегі кешке қатыстырмауды сұраған. Jah Khalib-ке зорлық-зомбылықты ақтады деп айып тағылды. Екі жыл бұрын RUH FOOD YouTube арнасында жарияланған ORTA подкастында рэпер зорлаудың себептерінің бірі "дұрыс емес киім кию" деген мәлімдемені қуаттаған болатын.
Айта кетейік, рэпердің концерттерін тоқтату туралы үндеулер Қазақстанда да ауық-ауық айтылып тұрады. Сонымен қатар сын садағына подкасттың басқа қонақтары да ілікті. Оның қатарында блогер Жека Фатбеллы мен "Ирина Қайратовна" тобының бұрынғы режиссеры Қуаныш Бейсекте бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов