- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жағымды әңгіме айттық,...
"Жағымды әңгіме айттық, тіпті күліп алдық". Тоқаев Португалия президентімен не туралы сөйлескені белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Португалия президенті Марселу Ребелу де Соузамен не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілші.
Бұл туралы журналист Әділ Балтабаевтың Instagram-парақшасында бөлісті.
Журналист Португалия президентінен Тоқаевпен не туралы сөйлескенін сұрады.
"Әңгіме әртүрлі тақырыпта өрбіді. Иә, мысалы, экономикалық ынтымақтастық, қарашада өтетін Web Summit-те цифрлық ынтымақтасық, энергетикалық ынтымақтастық, туризм туралы талқыладық. Біздің тураистерді Қазақстанда, ал қазақстандық туристерді Португалияда демалып жүр деп елестеттік. Біздің және сіздің спорт тәжірибеміз туралы талқыладық. Сіздер спортың жеке түрлерінен, ал біз командалық түрлерінен жақсымыз. Португалия футболдан, сіздер жеңіл, ауыр атлетикадан, бокстан. Осындай жағымды әңгіме айттық, тіпті күліп алдық. Сіздердің Президенттеріңізді Португалияға шақырдым. Оның Қазақстанға шақыруын қабыл алдым", - деді Марселу Ребелу де Соуза.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында бірнеше мемлекет басшысымен кездескені туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыз: Қазір қай шет тілін үйрену керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек