Танымал блогер Марғұлан Әден "Ozmz ғой" бағдарламасына берген сұхбатында досы Жансерік Қадырбаев аруды ұмыту үшін фильм түсіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Жансерік Қадырбаев түсірген фильмге қанша қаражат кеткенін де айтты.
"Оттегі" фильміне шамамен 180 миллион теңгедей кетті.
Негізі мен сүйіктіме үйленуге шешім қабылдағанда, ұсынысты 4-5 жігіт болып бірге жасамақшы болғанбыз. "Үйленуге ұсыныс жасайын" деп жатырмын дегенде Аңсаған "мен де жасаймын, бірге жасайық" деді. Мен бұған "онда бәріміз бірге жасайық, жігіттерді жинайық" дедім. Сондай ой болды. Бірақ Аңсағанда жоспар өзгерді, ал Жансерікте қиын жағдай. Ол фильм арқылы ойын бөліп жүр. Жансерік Қадырбаев қызын ұмыту үшін кино түсірді, бірақ қызын ұмыта алмады", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шаш түскенде қандай анализдер тапсыру керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!