БҚО-да ПД бөлімшесінде полицей оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, ол өзін байқаусызда атып жіберген. БҚО Полиция департаментіндегілер бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жарақат алғаны туралы ақпарат 07.41-де түскен.
"Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!