- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жағдайы ауыр: Ақтауда...
Жағдайы ауыр: Ақтауда төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алған
Маңғыстау облысында алты ер адамның арасында болған жанжалдың салдарынан екеуі пышақ жарақатын алған. Полиция оқиғаның мән-жайын зардап шеккен науқастар туралы ақпарат берген дәрігерлерден білген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ер адамдар арасында өзара келіспеушілік пайда болған.
"Олар ортақ бір келісімге келе алмай, жұдырықтасып кеткен, бірінің қолында пышақ болған.Зардап шеккендер қазір ауруханада жатыр, біреуінің жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.
Полиция аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Бүгінде барлық күдіктілер анықталған. Олардың екеуі көрші облысқа кетіп қалуды жоспарлағанымен, көп ұзамай ұсталған. Күдіктілердің бірі бұған дейін учаскелік полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны белгілі болды, бірақ ісі сотқа жетпеген. Ол деструктивті діни ағым ұстанушысы екені де анықталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы