- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жағдайы әлі ауыр"....
"Жағдайы әлі ауыр". Қызылордада жарылыстан зардап шеккен екі бала Алматыға жеткізілді
Қызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова хабарлады.
Жасөспірімдердің жағдайы әлі ауыр. Денелерін 75 пайызға дейін күйік шалған. Ауыр хәлдегі жасөспірімдерге енді Алматы қаласындағы балалар және шұғыл медициналық көмек орталығының білікті дәрігерлері ем-дом шараларын жүргізеді.
Жағдай тікелей Денсаулық сақтау министрінің бақылауында.
Еске салайық, 29 шілдеде Қызылордада үйден жарылыс шықты. Үйде болған төрт баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, екі баланың денесі 85 пайызға күйген.
Оқыс оқиға 29 шілдеде кешкі сағат сегіз шамасында әл-Фараби шағын ауданында болған. Жойқын жарылыстан үйдің күлі көкке ұшып, төбесі ортасына түскен.
Денесін күйік шалған 13 пен 15 жас аралығындағы төрт жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина