Шекарадағы жағдай мәз емес. Алайда Үкіметтің әрекетсіздігі таңғалдырады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Болат Керімбек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа жолдады.
Оның айтуынша, биыл 16-31 шілде аралығында Мәжілістің бірнеше депутаты Жетісу және Жамбыл облыстарындағы шекара заставалары мен бекеттеріне барған.
"Осылайша, біз ол жаққа шекара қауіпсіздігінің мәселелерін өз көзімізбен көру үшін барып қайттық. Шекара инфрақұрылымының ескіруі, шекараны қорғаудың техникалық және байланыс құралдармен төмен деңгейде қамтылуы сияқты жүйелі проблемалардың бар екендігіне куә болдық, бәрін ішінен көрдік. Шынымызды айтсақ, жағдай мәз емес", - деді депутат.
Болат Керімбек қазіргі таңда заставалардың біразы апаттық жағдайда тұрғанын ашық айтты.
"Шекарашылар сонау 1950-60 жылдары салынған ескі үйлердіе тұрып жатыр. Бүгінде шекараны жаңғырту бойынша іске асырылып жатқан шаралар, бұл мәселелерді толық шеше алмайды. Шекараны бекемдеу үшін 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Бағдарлама аясында 68 объектінің құрылысы жоспарланған, қаражаты бөлінген. Алайда, оның 15-і аяқталмай қалған.
2017 жылы осы аяқталмай қалған 15 объектіге аудиторлық тексеру жүргізілді. Олардың үшеуі апаттық жағдайда, ал тоғызының жағдайы талапқа сай келмейді. Мұндай жауапсыздықты Солтүстік Қазақстан облысындағы заставаларын салуда да байқадық. Оған жуырда осы өңірге барған іс-сапарымызда көз жеткіздік.
Құрылыс компаниялары нысанды толық аяқтамай жатып, "құрылыс материалдары қымбаттады" деп, келесі жылға тағы да ақша сұрайды. Осылай уақытты созып келеді. Осыдан шекара саласында жауапсыздық пен жемқорлыққа жол берілгенін көреміз", - деді ол.
Оның айтуынша, шекарадағы проблемаларын шешу үшін Президент әкімшілігінің тапсырмасымен 2024-2028 жылдарға арналған шекара қауіпсіздігінің кешенді жоспары әзірленген. Бірақ оған 582 млрд теңге қажет.
"Мемлекеттік шекара инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша жол картасы әзірленген. Оны іске асыруға 118 млрд теңге керек. Бірақ Мәжілісте қаралып жатқан бюджетте Шекара саласының мәселесін толығымен шешуге сұралып отырған қаражат қарастырылмаған. Сонда Үкіметіміз қазіргі геосаяси жағдайды көре тұра, салғырттық танытқаны ма?! Оның әрекетсіздігі бізді таңқалдырып отыр. Бұны қалай түсінуге болады?", - деді Болат Керімбек.
Депутат Үкіметке келесідей шараларды қабылдауды ұсынды:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!