“Жағдай мәз емес“. Бектенов Энергетика министрлігі мен “Самұрық-Қазына“ қорының басшыларына ескерту жасады

“Жағдай мәз емес“. Бектенов Энергетика министрлігі мен “Самұрық-Қазына“ қорының басшыларына ескерту жасады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшылығына Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет басшысы электр энергиясын өндіретін нысандарды іске қосу маңызды екенін мәлімдеді. Энергетика министрлігі мен "Самұрық-Қазына" қорына электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

"Көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыруды және әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын", - деді премьер-министр.

Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен "Самұрық-Қазына" қорының басшылары Алматы электр стансалары мен Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының уақтылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске салды.

"Самұрық-Энерго" компаниясының басшысы, Қайрат Мақсұтов. Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші ЖЭО-ны тексеріп келді. Үшінші ЖЭО бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Жыл соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке жауапкершілігіңіз қаралады. Күнделікті бақылауға алыңыз", - деп тапсырды премьер-министр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget