- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жағдай қалай өзгерді,...
"Жағдай қалай өзгерді, иә?" Нұрлан Сабуров Қазақстанға келген ресейліктер туралы әзілдеді
Стендап-комик Нұрлан Сабуров Алматыда өткен концертінде Қазақстанға көшіп келген ресейліктер туралы әзілдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео on.kz Telegram-арнасында пайда болды. Нұрлан сахнада тұрып, залда Ресейден келгендер бар ма деп сұрады.
"Қазақ тілін үйреніп бастадыңыз ба? Теңге емес, теңге дегеніңіз дұрыс. 200 рублэй деген сияқты ғой", - деді Сабуров.
Сабуров мектебін тәмамдаға соң Степногорск қаласынан Ресейге көшіп келген. Ал 2014 жылы ол отбасымен Мәскеуге көшті.
"Жағдай қалай өзгерді, иә? Осыдан он шақты жыл бұрын Орта Азиядан жұмысшылар Мәскеуге келгенде орыстар "Бұл кім, маған таксимен келген кім?". (...) Ал қазір бәрі "Алматыға келуді армандаған едім" дейді", - деп әзілдеді Сабуров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек