Жағаұстатар көрініс: Алматыда баланы теуіп жіберген ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам баланы теуіп жібергені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға тұрғын үй кешенінің ауласында болған.

"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз