Әлеуметтік желіде ер адамның өзіне пышақ сұғып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Кадрларда ер адамның бірнеше мәрте өзіне қарай пышақ тақап жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, ол өзін өлтіретінін айтады. Полиция қызметкерлері оны тоқтатуға тырысады, бірақ кеш болады.
Желі қолданушылары жігіт жекпе-жектен чемпион екенін, ал оқиға кезінде "трамадолдың" ықпалында болғанын айтқан.
Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!