- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жағаұстатар жайт: жаттықтырушы...
Жағаұстатар жайт: жаттықтырушы 7 жастағы оқушыны өлгенше сабаған
Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо және самбо жаттықтырушысы, Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар спортшыны өлгенше сабап тастаған. Оқиға басқа балалардың көзінше болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.
Қаладағы танымал спортшы балаға қарсы қауіпті әдісті қолданған. Салдарынан жеті жастағы бала мойнын сындырып алған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Жантүршігерлік жайт спорт мектебіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода жаттықтырушы баланы теуіп, шашынан тартып келе жатқанын көруге болады.
Ескерту! Видеода азаптау кадрлары бар!
Халиловтың өзі ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина