Астанада жасөспірімдер автобус жүргізушісіне бұрыш баллонын шашып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде оқиғаның видеосы тарады.
"5-автобус. Жүргізушіге газ баллонын шашып жіберген. Алты бала, бірге жүрген балалар", - дейді видеодағы әйел.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратты растады.
"Бір топ жасөспірім қоғамдық автобустағы апат жағдайында шығуға арналған балғаны алып кеткен. Автобус жүргізушісі оларды ұстаған, бірақ полиция шақырған кезде бір жасөспірім жүргізушіге бұрыш баллонын шашқан. Жасөспірімдердің жеке басы анықталды. Ата-аналары жауапкершілікке тартылды", - деді полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова