Жағаұстатар жайт: Астанада аялдамадан ер адам өлі табылды

Астанада автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға А 108 көшесінде №20 үйдің маңында болған.

Басқарма өкілдері "ер адам тайып құлап қайтыс болды" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз