Жағаұстатар жайт: Алматыда оқушы мектепке балта алып барған

Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барып, шабуыл жасауды жоспарлаған. Мұндай тапсырманы оған әлеуметтік желідегі белгісіз біреулер берген. Полиция қызметкерлері шабуылдың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмаған бала әлеуметтік желі арқылы алған нұсқаудың ықпалымен құқыққа қайшы әрекет жасауды жоспарлағаны анықталды. Полицияның дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында заңсыз әрекетке жол берілмеді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Ведомство бұл дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекетке тартуы мүмкін адамдар анықталып жатыр", - деді полиция.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдеріне оны тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамау дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!