Жағаұстатар жайт: Алматыда қоғамдық тамақтану орнында ер адам мойнынан пышақ жарақатын алған

Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған жанжал ауыр зардаппен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мойнынан пышақ жарақатын алған 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған.

Алдын ала тергеу нұсқасына сүйенсек, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенет туындаған сөзталас кезінде жасалған.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол - 32 жастағы ер адам. Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз