- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жағаұстатар жайт: Алматыда...
Жағаұстатар жайт: Алматыда ер адам әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткен
Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Полиция бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпаратта ер адам Шолохов көшесінде орналасқан базардағы бутикке пакет тастап кеткені айтылады. Сатушы әйел пакеттің ішіндегі адам басын көрген.
"Жаңа ғана ер адам Шолохов базарындағы бутикке кіріп, пакет қалдырды. Сатушы жүгіріп шығып, пакетті бергісі келді, бірақ ол кетіп қалған. Пакетті ашқаннан кейін ол қыздың басын көрген. Полиция келді. Дәл бүгін ол бутиктегі камераны қоспаған", - делінген Желідегі жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция басы кесілген әйелді кім өлтіргенін іздеп жатыр. 12 сәуірде сағат 8:40-та 102-ге Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерген. Әйелдің басы кесілген болып шыққан.
"Оның жеке басы анықталды. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін әйелдің басы жақын маңдағы сауда нүктелерінің бірінен табылды", - делінген полиция мәліметінде.
Түрксіб ауданының Полиция басқармасында осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова