Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде осы оқиға туралы жазбалар тарады. Мәліметке сүйенсек, зардап шеккен әйел 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі жағаұстатар жағдайға пікір білдірді.
"Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!