Таразда екі адам аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрлап кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, 13 жастағы қызды ұрлауға оқталған күдіктілер ізін суытпай ұсталған. Полицияға екі белгісіз адам көлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түскен.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді өңір полициясы.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова