Жағаұстатар жағдай: Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерден төрт адам өлі табылды

Жағаұстатар жағдай: Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерден төрт адам өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерден төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша олар газдан уланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Студенттік қалашық шағынауданында болған. Көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың сүйегі табылған. Екінші қабаттағы тағы бір пәтерде 23 жастағы жігіт қаза тапқан. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыз көз жұмған.

Көршілердің сөзінше, олар бұған дейін де газдың иісіне шағымданған. Алайда әзірге газ қызметінен ресми түсініктеме берілген жоқ. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget