Жағаұстатар жағдай: Жаркентте әйел өз баласын аяусыз ұрып тастаған (видео)

Жаркентте әйел өз баласын аяусыз ұрып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода әйел 3-4 жас аралығындағы баланы аяусыз ұрып-соғып жатқанын көруге болады. 

Жетісу облысы Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.

"Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында 28 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі бала барлық мән-жайды анықтағанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды", - деді полиция.

Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданбақ.

"Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!