Диетолог Пабло Охеда жағажайдағы демалысқа қандай тағамдар апарған дұрыс екенін айтты. Ол бұл туралы Deia басылымына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
Охеданың айтуынша, бәліш пен шамадан тыс өңделген өнімдердің орнына жағажайға тіскебасар ретінде жаңғақ, кокос, қияр, қызанақ, сәбіз, зәйтүн, болгар бұрышы мен корнишон алып барған дұрыс. Диетологтың сөзінше, бұл қытырлақ тағамдар ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі.
Ол жағажайда демалған кезде ағзадағы су мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру маңызды екенін де атап өтті. Ол үшін қарбыз, қауын, шие, шабдалы, жүзім, киви және қызыл түсті жидектерді таңдауға болады.
Сонымен қатар, ланч-боксқа ақуызға бай өнімдердің бірін салған жөн. Мысалы, тунец, мидия, анчоус, сардина, тауық еті, асшаян, ветчина, ірімшік, жұмыртқа немесе албырт балығы жарайды. Охеданың айтуынша, негізгі астың арасында балмұздақ жеуге де болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz