Сиднейдегі жағажайда атыс болып, салдарынан бірнеше адам жараланып, қаза тапқандар бар. Полиция екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Сиднейдегі танымал Бонди жағажайында болған атыс туралы хабарламалардан кейін Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі адамды ұстады. Құқық қорғаушылардың әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемесінде операцияның жалғасып жатқаны айтылған. Полицейлер бұл аумақтан аулақ болуға шақырып, жағажай маңында жүргендерге қауіпсіз жерге тығылуды ескертті.
Sydney Morning Herald газетінің мәліметінше, полиция күдіктілердің бірін жаралаған, екіншісі ұсталған. Сондай-ақ, Sky және ABC телеарналарында кемінде бірнеше адам жарақат алғаны айтылған. Зардап шеккендер туралы нақты мәлімет әзірге жоқ.
Израиль президенті Ицхак Герцог бұл еврей қауымына жасалған шабуыл екенін мәлімдеді.
"Дәл осы сәтте біздің Сиднейдегі, Аустралиядағы әпке-бауырларымыз жексұрын террористердің шабуылына ұшырады. Бұл - Бонди жағажайында алғашқы ханукалық шамды жағу үшін жиналған еврейлерге қарсы жасалған қатыгез шабуыл", - деп келтіреді Герцогтың сөзін Иерусалимдегі кеңсесі.
Анықтама: Ханука - еврейлердің 8 күн бойы атап өтетін "жарық мерекесі", ол григориан күнтізбесі бойынша қарашаның соңы - желтоқсанның басына сәйкес келеді. 2025 жылы Ханука 14 желтоқсан кешінде басталып, 22 желтоқсан кешінде аяқталады.
Сиднейдегі Бонди жағажайы - Аустралиядағы ең танымал жағажайлардың бірі.
Осы уақытта куәгерлер жазба бөлісті: онда күдіктінің бірін көшедегі адам артынан білдірмей жақындап, мылтығын жұлып алып, залалсыздандырғаны көрінеді.
Аустралиялық News.com басылымы Сидней жағажайындағы атыс кезінде, оның ішінде балалар мен бір полицей де бар, он адам қаза тапқанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!