Құтқару операциясы Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым жерде орналасқан Ақши ауылында жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"Бүгін Ақши ауылында Алакөл жағалауынан 12 шақырым жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері кеме қозғалтқышының ақауы салдарынан қайтып орала алмаған 3 адамды құтқарып, жағаға шығарды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.
Құтқарушылар ер адамдардың медициналық көмекке мұқтаж болмағанын хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз