"Жағаға орала алмаған": Алакөл көлінде үш ер адам құтқарылды

"Жағаға орала алмаған": Алакөл көлінде үш ер адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Құтқару операциясы Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым жерде орналасқан Ақши ауылында жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Бүгін Ақши ауылында Алакөл жағалауынан 12 шақырым жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері кеме қозғалтқышының ақауы салдарынан қайтып орала алмаған 3 адамды құтқарып, жағаға шығарды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Құтқарушылар ер адамдардың медициналық көмекке мұқтаж болмағанын хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек