Қарағанды облысының полиция департаменті жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты істің саралауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ішкі істер органдары Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктінің үстінен алғашында бұзақылық мақсатында денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 2024 жылғы 1 ақпанда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің жарақаты жеңіл дәрежеде екенін анықтады", - делінген Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, күдіктінің әрекеті бұзақылық санатына жатқызылған.
"21 ақпанда қылмыстық іс айыптау актімен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексеріп, күдіктіні сотқа берді", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз