- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жабырқап жүргені байқалады:...
Жабырқап жүргені байқалады: Ақтауда комиссия баласы терезеден құлап қаза болған анаға қатысты шешім шығарды
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия Ақтауда үш жасар баласы бесінші қабаттың терезесінен құлап қаза болған ананың ісін қарады. Комиссия шешімі бойынша анаға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл туралы қалалық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 20 шілдеде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия үш жасар баласы терезеден құлап қаза болған анаға қатысты шешім шығарған.
"Әйел кездесуге қалыпты жағдайда келді, ешқандай көмек сұрамады. Оның жабырқап жүргенін байқауға болады. Психологиялық көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, 6-ықшамауданның учаскелік полиция инспекторының бақылауында болады", - деді қалалық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі өкілдері.
Еске салайық, 10 маусымда 6-ықшамауданда тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден үш жасар бала құлап кеткен болатын. Дәрігерлер бала өздігінен тыныс ала алмайтынын айтты. Ол вентиляторға қосылғаны хабарланған. Кейін бала қаза болғаны белгілі болды.
Баланың анасы тұрмысы нашар отбасы полицияда есепте тұрғаны анықталған. Оқиғадан кейін полицейлер әйелге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан