Жабық ми жарақатын алған - Семейде биіктен құлаған мұғалімнің қазіргі жағдайы қалай?

Жабық ми жарақатын алған - Семейде биіктен құлаған мұғалімнің қазіргі жағдайы қалай?
Фото: facebook.com.birzhanzzz

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева Семейде шырша безендіру кезінде құлап ауруханаға түскен мұғалім Қуат Айтқалиевтің денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Денсаулық күйінің динамикасы жақсарып келеді. Қазір біледі, медициналық көмек алып жатыр. Науқасқа жарақат алған күні хирургиялық ем жүргізілген, бірақ бүгінгі таңда реанимацияда емес. Ол ем алып жатыр", - деді Сәрсенбаева. 


Тілшілердің "Қалыпты жағдайға орала ала ма? Қайтадан сабақ бере ала ма?" деген сұраққа департамент директоры болашақта оңалтудан өтетінін айтты. 

"Жағдайына қарай ол сол жерде болады (көрінеді). Жабық бас ми жарақатын алған. Бүгін операциядан кейінгі төртінші күн, ол есін жиды, барлық сұрақтарға жауап берді. Оңалуы ағзасына байланысты. Жарақат күрделі. Қалпына келтіру процесі уақытты қажет етеді", - деді Сәрсенбаева.

Оқиға қалай болды?

21 желтоқсанда Семей қаласында Қуат Айтқалиев есімді мұғалім биіктен құлаған. Бұл жағдай туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Шенеунік бұл әрекетті "заңбұзушылық" деп атап, жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұғалім жансақтау бөлімінде емес, палатада жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет