- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жәбірленушіні сатып алмақ...
"Жәбірленушіні сатып алмақ болған". Қарағандыда адвокат ұсталды
Қарағандыда жәбірленуші тарапты сот процесінің алдында сатып алмақ болған қорғаушы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына белгісіз бір қорғаушының заңсыз әрекеті туралы ақпарат түскен. Заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған. Ал қылмыс жасаған айыпталушы тарап қорғаушыға қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген. Сондықтан да қорғаушы айыпталушы тараптың бұл ұсынысына көніп, арада делдалдық қызмет атқарған.
"22 қазанда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында 6,5 миллион теңге және 2900 АҚШ долларын алған 36 жастағы қорғаушы ұсталды. Полиция қызметкерлері оның көлігіне жүргізген тінту жұмыстары барысында тағы да 3100 АҚШ долларын тәркіледі", - дейді Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова