- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жабайылықты қойып, қонақжайлық...
“Жабайылықты қойып, қонақжайлық танытайық“. Жұлдыз Әбдікәрімова халыққа үндеу жасады
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қазақ халқын күзде өтетін көшпенділері ойынында тәжік жәрмеңкесіндегі жабайылықты қайталамауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа үндеу жариялады.
"Қонақ келе жатыр, үй жинаңдар! Бала күнімнен білетінім, үйге қонақ келерде айналаны айнадай қылып, жалтыратып қоятынбыз. Анам арнайы ыдысын шығарып, дастарқанға бар тәттісін үйіп-төгетін. Бәріміздің үстімізге әдемі киім кигізіп, шашымызды тас қылып өріп қоятын. Келген қонаққа біздің тек жетістігімізді баяндап, реті келсе жаттаған тақпағымызды айтқызып, 5 деген бағаға толы күнделігімізді көрсетіп қалатын", - деп есіне алды актриса балалық шағын.
Бұл әңгімесі арқылы актриса биыл күзде Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында да келетін қонақтарды жақсылап күтуге шақырды.
"Айтпағым мынау, 8-16 қыркүйек аралығында Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам қонақ келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Барынша қонақжайлық танытайықшы. Өткенде тәжік жәрмеңкесіндегі жабайылықты ұмыту мүмкін емес. Қазақ деген ұлттың бейнесін көрсететін біз. Мәселен өзім шетелге барғанда таңданатын бір жайды айтайыншы. Түркияда әуежайдан қонақүйге жеткенше такси жүргізушісі елінің тарихын, қаланың әсемдігін тамсана баяндайды. Ұлы тұлғаларын айтып мақтанады. Сүйсінесің. Сізге жолыққан әр туристің алдында қазақ деген халықтың бейнесін көрсетіп тұрғаныңызды әрқайсымыз ұмытпайықшы", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева