Қазақстандықтардың АҚШ-та жасаған вандализмі туралы бейнеролик қоғамдық резонанс тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шәкәрім Абдоллаев есімді жігіт Tiktok-парақшасында қазақстандықтардың АҚШ-та жасаған вандализмін көрсететін бейнеролик жариялады. Видео авторы отандастардың бірі өзінің туған қалаларының - Атырау мен Шымкент қалаларының аттарын қала орталығындағы мүсінге сызып, жазып кеткенін атап өтті.
Ол мұндай әрекеттерге қатысты пікірін білдірді.
"Тастарға жазу, қандай ақымақтық? Мен тарихта қалғыңыз келетінін, ізіңізді қалдырғыңыз келетінін білемін, бірақ есте қалудың басқа да жолдары бар! Халқымыздың абыройына нұқсан келтірмей, тыныш жүрейік, бауырлар", - деп жазған ол.
Шәкәрім Абдоллаев жазбасында оқырмандарына вандализмнің не екенін түсіндіріп, тарихи орындар мен ескерткіштерге зиян келтірмеуге шақырды. Ол мәдени мұраны құрметтеудің және өз халқының беделін сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Желі қолданушылары видео авторын қолдап, вандализм жасағандарға ашуланды. Олар видео астына түрлі пікір қалдырған.
"Бұл вандалдар әлі де эволюция сатысында", "Жабайылар", "Өкінішті", "Ал, неге біз осындаймыз?" - деп пікір қалдырған олар.
@shakarimabdollaev Бауырлар вандлизм ұғымы 445 жылы мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпаларының әрекетінен шыққан сөз 😢 Вандализм тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі. Біздің сана шынымен тас дәуірінде, әкең ! Тасқа қашап ат жазу не ақымақтық? Білемін тарихта қалғың келеді, бір із қалдырғың келеді, бірақ тарихта қалу үшін, із қалдыру үшін басқад да амалдар көп қой! Өзіміздің қазақ деген атқа кір келтірмей, тыныш жүрейік, бауырларым 🫂
♬ оригинальный звук - Шәкәрім Абдоллаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз