Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың өршуі кезінде құрбан болғандар саны екі мыңнан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
Әскерилердің айтуынша, Палестинаның Хамас террористік тобының Израильге жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 1200-ден асты, 3000-ға жуық адам жарақат алды, ұрланған 150-ге жуық адамның тағдыры белгісіз.
"Палестинаның Хамас террористік тобының Израильге жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны сәрсенбіде таңертең 1200-ден асты", - делінген хабарламада.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі шабуылдан 2901 адам зардап шеккенін, 500-ден астамы ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Израильден арнайы ұшақпен жеткізілген әйелмен эксклюзив сұхбат берген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз