"ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі кибуц Реим электрон музыка фестивалінде 260 адам өлі табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі MIGnews сайтына сілтеме жасап.
Nature party электронды музыка фестивалінде қаза тапқандардың саны көп болуы мүмкін екендігі атап өтілді. Сондай-ақ, фестивальге ондаған келушілер тұтқынға алынды және қазіргі уақытта олар хабар-ошарсыз кетті деп саналады.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.
Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.
Израиль Ливанға қарсы соққы жасады
Соңғы мәлімет бойынша, Израильдегі шабуылдар салдарынан кемінде 200 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған. Газа секторында шабуылдардан 232 адам қаза тауып, 1,7 мыңға жуық адам жараланды деп хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз