- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Израильдегі қазақстандықтар үшін...
Израильдегі қазақстандықтар үшін шұғыл байланыс желісі іске қосылды - СІМ
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желісі жұмысын бастады. Онда консулдық есепке тұрмаған 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде СІМ-де жедел штаб құрылған. Олар төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін орындауға кіріскен.
"Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінде қазақстандықтар үшін шұғыл байланыс желісі ашылды. 2 күнде отандастарымыздан 500-ден аса қоңырау мен сұрау түсіп, оларға жауап берілді. Бүгінде Израильдегі консулдық есепте 77 қазақстандық тіркелген. Олардың қатарында елшілік қызметкерлері мен отбасылары бар. Израильдің университеттерінде 5 қазақстандық оқиды. Сондай-ақ, 30-ға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағылымдамадан өтіп жүр", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Тель-Авивтегі Қазақстан дипломаттары отандастарымызға құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
"Ондағы дипломаттар Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Олармен жедел іс-қимыл жасау үшін арнайы месседжерде чат құрды. Бүгінде Израильде уақытша және тұрақты тұратын 200-ге жуық Қазақстан азаматы қосылған. Чатта отандастарымыз өздерінің орналасқан жері туралы хабарлап, дипломаттармен тікелей байланыс орнатты, - деді Айбек Смадияров.
Ол жерлестерімізге қауіп төнбегенін атап өтті.
"Қазіргі таңда Изральде зардап шеккен, кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, - деді ресми өкіл.
Сондай-ақ Смадияров қазақстандықтарға арнайы ұшақ жіберілетінін жеткізді.
"Кейбір авиарейстердің тоқтауына және бірқатар авиатасымалдаушының Израильде рейстерді орындаудан бас тартуына байланысты Қазақстан елшілігі "Эйр Астана" компаниясымен бірлесіп, Қазақстанға оралуға ниет білдірген азаматтардың тізімін қалыптастыру, сондай-ақ одан әрі қауіпсіз жерге шығару үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін елге оралуға 118 қазақстандық ниет білдірді", - деді СІМ-нің ресми өкілі.
Оның айутынша, Тель-Авивтегі әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Айбек Смадияров Израильде 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін екенін айтты. Олар консулдық есепке тұрмаған.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.
Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.
Израиль Ливанға қарсы соққы жасады
Кейінгі дерек бойынша, "ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі кибуц Реим электрон музыка фестивалінде 260 адам өлі табылған.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек