Израильде теракт болды: 9 адам жараланып, қыз бала қаза тапты

Израильдің Беэр-Шева қаласындағы автовокзалда террорист оқ жаудырып, 10 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 жастағы қыз қайтыс болды. Қалғандары ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы "Вести Израиль" сайты жазды.

Автовокзалда оқ жаудырған террорист өлтірілді. Полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтады. Террорист Негевтегі көшпелі бәдәуилер лагерінің тұрғыны болып шықты. Полицейлердің айтуынша, бұрын да сотталған екен.

Атыс бір емес, үш жерде болыпты: дәмханада, McDonald's жанында және жолаушылар терминалы жақта. 

Беэр-Шевадағы орталық автовокзалдағы терактіден зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, тағы төрт адамның жағдайы орташа, үшеуі жеңіл жарақат алды. 9 адам ауруханаға жеткізіліп, бір адам оқиға орнында қаза болған. Тағы 15 адамға шоктан шығуға медициналық көмек көрсетілді.

Әзірге автовокзалға жақындауға тыйым салынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!